Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде

Жамбыл облысының прокуратурасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдар басшыларының қатысуымен қаралды.

2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы жалпы қылмыс деңгейі 16%-ға төмендегенімен, қыркүйек айының басынан олардың құқықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар мен суицид фактілерінің өсуі байқалуда.

Облыс прокуроры уәкілетті органдар мен мобильді топтардың профилактикалық жұмысының жеткіліксіздігін атап өтті.

 Бұл өз кезегінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың артуына ықпал етеді.

Осыған байланысты облыс прокуроры прокуратура қызметкерлері мен уәкілетті органдар өкілдерінен құрылған арнайы ведомствоаралық мобильді топ құруды тапсырды.

Топтың негізгі міндеті – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту.

Қазіргі уақытта, Байзақ және Жамбыл аудандарының орта білім беру ұйымдарының қызметі бағалануда, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы буллинг, суицид және бопсалау жағдайлары анықталуда.

Осындай жұмыстар Тараз қаласы мен өзге де аудандардың прокурорларымен жүргізілуде.

Нақты нәтижелер де бар: 2025 жылғы 19 қыркүйекте Шу ауданында            11-сынып оқушысының 9–10 сынып оқушыларына қатысты бопсалау фактісі бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров Тараз қаласы мен Шу ауданында үш кәмелетке толмағанның қаза болуына әкелген қайғылы оқиғаларға байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы есептерді тыңдады.

Аталған істер бойынша процессуалдық прокурорлар топтары тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу жөнінде нұсқаулар берілді.

Қылмыстық істердің тергелуі облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы