М.Қ. Кафизовты тағайындау туралы

М.Қ. Кафизовты тағайындау туралы

         Кіші әділет кеңесшісі Кафизов Медет Қанатұлы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
         Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 8 жылдан астам.
         Өзінің еңбек жолын 2015 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
         Әр жылдары Ақмола облысының Атбасар ауданының аға прокуроры және Астрахань ауданы прокурорының орынбасары, Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының Экстремизмге және терроризмге қарсы әрекеттер саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасы бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры лауазымдарын атқарған.
          2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының аға прокуроры.
          Президенттік жастар кадрлық резервінде тұр.
          «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

                                 Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы