Облыстық ПМПК-ның Успен ауданы білім беру ұйымдарымен әрекеті

Облыстық ПМПК-ның Успен ауданы білім беру ұйымдарымен әрекеті

2024 жылғы 26-27 наурызда «Облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мен Успен ауданының «Балапан» сәбилер бақшасы» КМҚК қолдаухаттары бойынша дамуында, оқытуда және тәрбиелеуде мәселелері бар балаларды тексеру мақсатында Облыстық ПМПК мамандарымен кезекті көшпелі отырыс өтті.

Мамандар МЖБС меңгерудегі қиындықтарға, сөйлеу тілінің бұзылуына байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтап, білім беру бағдарламаларының түрлерін белгіледі, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде балалардың алатын қызметтерін кеңейтті. Балабақша әкімшілігіне, тәрбиешілерге, мұғалімдерге оқу процесін ұйымдастыру бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді.

Ата-аналарға бала дамуының мәселелері бойынша кеңестер беріліп, оларды шешудің жолдары мен шарттары, тексеру мен емдеу үшін денсаулық сақтау ұйымдарындағы арнайы мамандарға дер кезінде хабарласу, отбасында білім мен тәрбие алу үшін ерекше жағдай жасау жөнінде ұсынымдар берілді.