Буллинг: алдын алу және ескерту

Буллинг: алдын алу және ескерту

27.03.2024 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институтында «Жастар ортасында буллингті тоқтату және алдын алу технологиялары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарды ұйымдастыруға «Жас ұрпақ» КМҚК педагог-психологтары қатысты. Семинардың мақсаты: жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерін заманауи қазақстандық қоғамға табысты әлеуметтендіру үшін жағдай жасау бойынша түрлі нысандарды, тәсілдер мен құралдарды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу.

Семинар модераторы Идилуп А.Т., «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалының Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институтының  педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының аға оқытушысы. Семинар спикерлері қала және облыс мектептерінің педагог-психологтары: Л. С. Овчарова, «Павлодар Қ. № 17 сараланған оқытудың жалпы орта білім беретін бейіндік мектебі» КММ педагог-психологы, И. В. Карпова, «Павлодар қ. № 26 ЖОМ» КММ педагог-психологы, С. Г. Гапу, Павлодар ауданы «Ефремов ЖОМ» КММ педагог-психологы. Олардың барлығы буллингтің алдын алу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті және тақырып бойынша жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді.

Семинарда «Өрлеу «БАҰО» АҚ аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Т. Кәрімова сөз сөйлеп, тыңдаушыларды буллингтің алдын алу және оны жою жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың жұмысымен таныстырды. «Жас ұрпақ» КМҚК педагог-психологтары К.Ю. Фоменко мен О. В. Наумова буллингтің алдын алуға бағытталған тренингтік жаттығулар өткізді. Қорытындысында семинар модераторы А.Т. Идилуп сөз сөйлеп, балалар мен жастар арасында буллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар берді. Семинарға қатысушыларға белсенді және жемісті жұмысы үшін алғыс айтамыз.