Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері

2024 жылғы 27 наурыз күні Облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орайластырылған 5-9 сынып оқушылары арасындағы бағдарламалау бойынша облыстық олимпиадасын өткізді.

Олимпиада, оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мен есептеуіш ғылым, компьютерлік бағдарламалау және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау мақсатында өткізілді.

Олимпиадаға қатысу үшін облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған  мектептерінің 5-9 сынып оқушыларынан 261 өтінім берілді. Облыстық олимпиада екі кезеңде өткізілді. І қашықтық іріктеу кезеңіне 164 оқушы қатысты. Павлодар қаласының С.Торайғыров ат. ЖОББМ олимпиаданың ІІ ақтық кезеңіне 62 оқушы  қатысты. Қатысушылар жақсы білімдерін көрсетіп, олимпиадаға дайындықпен келді.

Ұзақ интеллектуалды жарыс нәтижесінде I орынға Павлодар қ. № 17 ЖОМ 5 сынып оқушысы Горелов Марк Антонович, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Шәріпхан Ерболат Талғатұлы, Павлодар қ. № 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы Осевич Виктор Александрович, дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының 9 сынып оқуушысы Қайролла Әлихан Талғатұлы,

II орынға Баянауыл ауданы. Шапық Шөкин атындағы № 2 ЖОМ             7 сынып оқушысы Тайыр Диар, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы Мукат Көркемәли Дәуренұлы, Павлодар қ. № 29 ЖОМ              9 сынып оқушысы Волков Егор Александрович, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Курсаков Платон Юрьевич,

 III орынға Павлодар қ. № 17 ЖОМ 7 сынып оқушысы Оразов Бахтияр Бауыржанович, дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 5 сынып оқушысы Мұхарам Тұрар Мақсатұлы, Павлодар қ. № 26 ЖОМ 9 сынып оқушысы Бондаренко Клим Сергеевич,  дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Островский Ждан Алексеевич  ие болды.

«Тапқыр оқушы» номинациясы Павлодар қ. Қ Бекхожин ат. ЖОМ 9 сынып оқушысы Қален Абай Амангелдіұлы,  Павлодар қ. Ж. Ташенов ат. ЖОМ 9 сынып оқушысы Халел Бектас Қанатұлы, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Хамитов Алькей Муратович,  дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Чашкина Илана Александровнаға  берілді.

«Жас бағдарламашы» номинациясы Павлодар қ. Б. Момышұлы ат ЖОМ 6 сынып оқушысы Серік Ануар,  Екібастұз қ. көпсалалы баыттағы № 24 ЖОМ 7 сынып оқушысы  Жакенова Аделина Кайратовна,  дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Досанұлы Мансұр, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің   6 сынып оқушысы Әбілқасан Аңсар Жанатұлына  берілді.

«Талпыныс» номинациясы  Екібастұз қ. № 18 ЖОМ 7 сынып оқушысы Нұрымжан Даниял Азаматұлы, Павлодар қ. № 2 ЖОМ 8 сынып оқуысы Серік Азамат Ерболұлы, химия-биология бағытындағы НЗМ 9 сынып оқушысы Мангиликов Ансар Нурланович, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Мырзабеков Мансур Маратовичке  берілді.

Олимпиаданың салтанатты жабылу кешінде қатысушыларға облыстық орталық сертификаттары табысталды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер Білім беру басқармасының дипломдарымен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.