Омбудсмен кінәсіздік презумпциясын сақтауға шақырды

Омбудсмен кінәсіздік презумпциясын сақтауға шақырды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қоғамға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат беру кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидатын сақтауға шақырды.

Кінәсіздік презумпциясының мызғымас қағидаты Конституциямыздың 77-бабында және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мойындаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабында және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 11 және 16-баптарында бекітілген.

«Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі».

Омбудсмен кеңсесі бірнеше жыл кезеңіндегі ақпараттық кеңістікке талдау жасап, жекелеген бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, заңды күшіне енген үкімдер болмаған кезде айқын айыптауға бейімділігі бар мәлімдемелері бар жарияланымдар анықталды.

Бас прокуратураға күшіне енген сот үкімдері шықпаған жағдайда адамдардың кінәсі туралы мәлімдемелерді жариялауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау ұсынысымен талдау нәтижелері жіберілді.

Жарияланымдарда мерзімінен бұрын жасалған айыптаулар адамның беделіне нұқсан келтіруі және оның әділ сот ісіне құқығын бұзуы мүмкіндігін ескере отырып, осыған ұқсас ұсыныстар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне де жолданды.

Құқықтық қоғам адам құқықтарының кез келген бұзылуына нөлдік төзімділік танытуы және барлығына ортақ, соның ішінде қылмыс жасады деген күдіктілерге де қатысты заңдылық пен әділеттіліктің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.