Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдеріне және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлеріне арналған екі күндік семинар-тренинг басталды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдеріне және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлеріне арналған екі күндік семинар-тренинг басталды

Бүгін Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік 17 өкіліне және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлеріне арналған екі күндік семинар-тренинг басталды. Оны Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, сондай-ақ БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры ұйымдастыруда.

Оқыту шарасының мақсаты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңадан тағайындалған өңірлік өкілдерінің біліктілігін арттыру, халықаралық және ұлттық сарапшылардың тәжірибесімен алмасу, адам құқықтары саласындағы басқа да кең ауқымды мәселелерді қарау болып табылады.

Сарапшылар Қазақстан Республикасы ратификациялаған адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттармен және құжаттармен жұмыс істеу бойынша практикалық білімдерімен бөлісті, сондай-ақ азаптау және қатыгездік фактілері бойынша жабық мемлекеттік мекемелердің мониторингіндегі ұлттық алдын алу тетігінің рөлі туралы айтты.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы #Өкіл