Қаңтар оқиғалары кезінде азапталған жәбірленушілердің істерін сотта қарау кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Қаңтар оқиғалары кезінде азапталған жәбірленушілердің істерін сотта қарау кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Қазіргі уақытта Талдықорған қалалық сотында жәбірленуші деп танылған 24 адамға қатысты азаптау фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға жәбірленушілердің өкілдері тиісті сот төрелігіне қол жеткізу бөлігінде олардың құқықтарының бұзылуына байланысты өтінішпен жүгінді.

Атап айтқанда, олар өз шағымдарында жәбірленушілердің мүдделері объективті және сапалы түрде қаралуына мүмкіндіктің жоқ екендігіне, жәбірленушілердің өз өкілдерімен құпия келіссөз жүргізу үшін жағдай жасалмағанына, қылмыстық процеске қатысушылар санының көп екендігін, ал сот отырысы залының тар екендігін айтқан.

Сот залының ыңғайсыздығынан жәбірленушілер мен сотталушылар бір орындыққа орналастырылған, соның салдарынан сотталушылар өз кезегінде моральдық және психологиялық қысым жасайтындығы айтылған.

Олардың шағымдары сот отырысында сапасыз жұмысына да қатысты болды. Сот процесінде синхронды аударма қамтамасыз ету туралы бірнеше рет өтініштерге қарамастан, ол ескерусіз қалған.

Сот талқылауының барысын бақылайтын адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері осы қылмыстық істі қарау тәртібінің болмағанын да атап өтті.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан көптеген адамға қатысты физикалық күш қолдану туралы осы қылмыстық істің айрықша сипатын ескере отырып, Омбудсмен бұған дейін бұл проблемаларды ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары мен адвокаттар қауымдастығы көтергенін атап өтті.

Осы мәселелердің барлығын ескере отырып, Эльвира Әзімова Жоғарғы Сотқа сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы хатпен жүгінді.

Уәкілдің өтінішін қарау нәтижелері бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасынан барлық көрсетілген жол берілген бұзушылықтардың шешілгені туралы жауап келіп түсті.

Сот органының жауабынан сот талқылауы үлкен залда өтіп жатқаны, тиісті аудармашымен қамтамасыз ету проблемалары жойылғаны хабарланады.

Бұдан басқа, сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы бөлігінде жәбірленуші тарап адвокаттарының шағымдары ішінара қанағаттандырылғаны да айтылады.

Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі