«Аманат» партиясының Жамбыл облыстық филиалының ғимаратының мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының жобасы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

«Аманат» партиясының Жамбыл облыстық филиалының ғимаратының мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының жобасы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

2024 жылдың 16 сәуір күні «Аманат» партиясының Жамбыл облыстық филиалының ғимаратының мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының жобасы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

Семинарға ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев, Байзақ ауданының қоғамдық медиаторы Ғайни Көшекбаева, "Бітімгер- Тараз" медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы Фёдорова Ирина және ҚХА медиаторлары, білім саласының қызметкерлері қатысты.

Омбудсмен өкілі Берікбол Ұзақұлы «Қазақстан Республикасында Омбудсмен институтының дамуы және адам құқықтарын қорғаудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасап, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, оның маңызы мен міндетін, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы, сондай-ақ Мемлекет Басшысымен қабылданған Әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттармен бөлісті.