Мемлекет басшысы отбасы институтын, балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған заңға қол қойды

Мемлекет басшысы отбасы институтын, балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған заңға қол қойды

Өздеріңізге белгілі 2024 жылғы 15 сәуір күні Мемлекет басшысы отбасы институтын, балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған заңға қол қойды. 

Түзетулер бүкіл азаматтық қоғамның белсене қатысуымен, түрлі алаңдарда кеңінен талқыланған соң ғана әзірленді. Бұл жаңалық отбасын қорғауға бағытталған.

Атап айтқанда, «Неке және отбасы туралы» кодекстің 2-бабына дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету туралы толықтырулар енгізілді.

Балаларды адамгершілік және рухани тұрғыда тәрбиелеу ұлттық әрі дәстүрлі құндылықтарды құрметтеу рухында жүргізілуі тиіс. Жаңа Заңда басқа да түзетулер бар, бірақ дәл осы ережелер мемлекетке стратегиялық бағдар береді деп санаймын. Сондықтан аталған мәселе бойынша кез келген балама пайымдаулар негізсіз, бұған ешқандай күмән жоқ.

Қазақстан – тек дәстүрлі ұлттық отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын сақтауға қолдау көрсетеді!

«Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді.

Жаңа заңға сәйкес әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейеді. Кей тұстарда заңбұзушылықтар үшін жаза әкімшілік жазадан, қылмыстық жазаға ауысты.

       «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды;

неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған;

отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті болады;

тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді;

өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;

16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды;

кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді;

білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті;

16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды»

Осы орайда, қабылданған Заң кәмелетке толмағандар мен әйелдерді құқықтық, әлеуметтік, экономикалық жағынан қорғауға жаңа жол ашады деп сенемін.