"Ана мен бала құқығы – қоғам назарында”тақырыбында тікелей эфирде сұхбат

"Ана мен бала құқығы – қоғам назарында”тақырыбында тікелей эфирде сұхбат
 
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және Жамбыл облысының полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Диляфруз Кинжеханова облыстық «Jambyl TV» телеарнасының “Түйін сөз” бағдарламасында «Ана мен бала құқығы – қоғам назарында» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді.
 
Сұхбат барысында, спикерлер Мемлекет Басшысымен қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ақпаратпен бөлісті.
 
Сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар.