”Ғылым және инновация – аймақты дамытудың драйверлері»

”Ғылым және инновация – аймақты дамытудың драйверлері»

 

2024 жылдың 12 сәуір күні ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының ұйымдастыруымен “Ғылым және инновация – аймақты дамытудың драйверлері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Заң ғылымының инновациялық дамуы: жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулері» тақырыбындағы секциялық жұмысына қатысты.
 
Омбудсмен өкілі Берікбол Ұзақұлы «Қазақстан Республикасында Омбудсмен институтының дамуы және адам құқықтарын қорғаудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасап, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, оның маңызы мен міндетін, Адам құқықтары туралы Халықаралық билл жөнінде тоқталып, Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар және “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы ақпараттармен бөлісті.
 
Секциялық жұмыс дискуссия түрінде өтіп, адам құқықтарына қатысты ұсыныс-пікірлер талқыланды.