Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі құқықтық сауаттылық бағытында Жезқазған қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жеке құрамымен кездесті

Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі құқықтық сауаттылық бағытында Жезқазған қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жеке құрамымен кездесті

15 қараша күні Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі Алмас Нұр Ұлытау облысы бойынша Жезқазған қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жеке құрамына құқықтық сауаттылық бойынша дәріс оқыды.

Кездесу барысында А.Нұр «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның ережелері негізінде өкілдіктің жұмыс бағытын түсіндірді, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің функционалдық міндеттерін атап өтті және Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция мен кінәсіздік презумциясы бойынша кеңінен әңгімелеп берді.

Өз кезегінде мекеме қызметкерлері өкілге сұрақтарын қойып ҚР Қылмыстық Кодекісінің 146-бабынның нормаларын талқылады.