Тайынша ауданында Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Тайынша ауданында Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті
Мені Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына енгізді.
Тайынша ауданында Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті, оның күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.
Тайынша ауданының әкімі мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнаманы бұзудың алдын алу жөніндегі жұмысы туралы атап өтті.
Сондай-ақ қызметтік әдептің сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру кезінде облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің нәтижелері қаралды. Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметін талдау қорытындылары тыңдалды.
Естеріңізге сала кетейін, Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасымен бірлесіп мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қабылдау өткізілді.