Бірлесе жеке қабылдау

Бірлесе жеке қабылдау

10 сәуір 2024 жылы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Абдезов Н.А., “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл” туралы Конституциялық заңының 14 бабына сәйкес, Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімі, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала» бөлімі сондай-ақ, ЖШС “Камей” жеке клинакасының директорының емдеу жөніндегі орынбасары және дәрігерінің қатысуымен арызданушы Т.Толендиеваны бірлесе жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Жеке қабылдау барысында, арызданушы өзінің ұлы, туыла біткен бір бүйректі екенін, соған байланысты хирургиялық ота жасағандығын, 2012 жылы мүмкіндігі шектеулі бала ретінде, Алматы қаласында 3 топтағы мүгедектікті тағайындағанын, ал, 2015 жылы аталған мүгедектігін алынып тастағандығын, бүгінгі таңда қайта мүгедектігін тағайындау үшін, медициналық мекемелерге, оның ішінде департаменттің МӘС бөліміне бірнеше шағымданғанын, алайда, арыздары қанағаттандырылмағанын атап өтті.

Өз кезегінде департаменттің МӘС бөлім басшысы, “Камей” клинакасының дәрігерлері арызданушының шағымында көрсетілген уәждері бойынша, не себепті қанағаттандырусыз қалу туралы берген жауаптарына толықтай құқықтық түсіндірмелерін берді.

Жеке қабылдау қорытындысы, арызданушы берілген барлық жауаптарға қанағаттанып, қосымша өтінішін берді, Өкіл, осы өтініші негізінде денсаулық сақтау басқармасына, науқас баланы қайта толықтай кешенді медициналық тексеруден өтуге ұсыныс берді.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілі, баланы қайта медициналық кешенді тексеруден өткізіп, қорытындысын ұсынылатындығын жеткізді.

Аталған арыз шағымдағы көрсетілген мән-жайлар мен уәждері бойынша заңды түрде орындалуы өкілдің бақылауында болады.