Шақат ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығындағы балалардың тұру жағдайы тексерілді

Шақат ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығындағы балалардың тұру жағдайы тексерілді

2024 жылғы 5 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі ұлттық алдын алу тетігінің Павлодар облысы бойынша қатысушыларымен бірлесе отырып Павлодар облысы білім басқармасының «Шақат ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-ға барды.  

Сапар барысында балалардың бос уақытын өткізетін орындары мен тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізілді. Өкіл балалармен әңгімелесіп, жоғары білім алудың және жалпы білім алудың негізгі артықшылықтарын түсіндірді.

 Тексеру қорытындысы бойынша Орталық басшылығына аталған мекеменің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

  Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.