Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК «№44 мекемесі» РММ-не бару

Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК «№44 мекемесі» РММ-не бару

2024 жылғы 15 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі Павлодар облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен бірлесіп, ұсталғандардың құқықтарының сақталуына тексеру жүргізу және олардың бұзылуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК «№44 мекеме» РММ-ге барды.

Тексеру нәтижелері бойынша осы мекеменің жұмысын жақсарту үшін ұсынымдар берілетін болады.

Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.

Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есептерінің негізінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізу не қылмыстық іс қозғау туралы өтінішхатпен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге құқылы.