Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі мен облыс әкімінің бірлескен қабылдауы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі мен облыс әкімінің бірлескен қабылдауы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілінің атына азамат И.Кунцевич Павлодар облысында мүгедектігі бар адамдардың проблемалық мәселелерін талқылау үшін облыс әкімімен бірлескен қабылдау өткізу туралы ұсынысымен жүгінді. 

2024 жылғы 14 наурызда Павлодар облысының әкімі А. Байханов Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілімен бірлесіп, облыс әкімдігінің ғимаратында бірлескен жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау барысында И.Кунцевич мүгедектігі бар адамдардың күнделікті өмірінде туындайтын және тиісті мемлекеттік органдар тарапынан назар аударуды талап ететін мәселелерді қозғады. Қолжетімді ортаны қамтамасыз ету, оның ішінде қалалық бассейндердің бірін қайта жабдықтау бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.

Өткізілген қабылдау нәтижелері бойынша облыс әкімі өңірдің тиісті қызметтеріне қабылдау барысында айтылған мәселелерді шешу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.