«№1 балабақша – мектеп-интернатының арнайы кешені» КММ-не бару

«№1 балабақша – мектеп-интернатының арнайы кешені» КММ-не бару

2024 жылғы 5 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі Павлодар облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен бірлесіп, оқушыларды ұстау жағдайларына тексеру жүргізу үшін Павлодар облысы білім басқармасының «№1 балабақша – мектеп-интернатының арнайы кешені» КММ-ге барды.

Тексеру нәтижелері бойынша осы мекеменің жұмысын жақсарту үшін ұсынымдар берілетін болады.

Сондай-ақ, сапар барысында Өкіл және ҰПТ қатысушылары халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған мәдени-демалыс іс-шарасына қатысты.

  Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.