Омбудсмен Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ҰАТ қатысушыларымен адам құқықтарын қорғау саласындағы алдағы жұмыс барысын талқылады

Омбудсмен Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ҰАТ қатысушыларымен адам құқықтарын қорғау саласындағы алдағы жұмыс барысын талқылады

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл А. Ластаев Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен осы өңірдегі адам құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар туралы пікір алмасты.

Диалог барысында ҰАТ тобының жетекшісі Николай Тарара Омбудсменді ағымдағы жылдың жеті айындағы жұмыс нәтижелерімен таныстырып, қаңтардан шілдеге дейін өткізілген 18 профилактикалық сапардың қорытындылары туралы хабардар етті.

Жабық мекемелердің қатарында: уақытша ұстау изоляторлары, қабылдап–тарату орындары, пенитенциарлық мекемелер, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мамандандырылған мектеп – интернаттары бар.

ҰАТ қатысушыларының осы мекемелерге сапарлары азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын жазалау түрлерінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылады.
Топ жетекшісі Түркістан облысының шалғай аудандарында орналасқан балалар мекемелері күрделі жөндеуді және жиһазды ауыстыруды талап ететінін ерекше атап өтті.

Өткен ғасырда салынған пенитенциарлық мекемелері де ескертулерсіз қалған жоқ. Олар бойынша да ұсыныстар жыл сайын беріледі.

Дегенмен, өзгеріс жоқ. Бұл жағдай Н. Тарараның сөзінше халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа түзеу мекемелерін салғанда ғана өзгеруі мүмкін. Әңгіме барысында мемлекеттік органдардың жекелеген өкілдері ҰАТ қызметі туралы, оның қатысушыларының заңдарда белгіленгендей ұйымдарды кедергісіз таңдау және бару құқығына ие екендігінен бейхабар.

Осыған байланысты Омбудсмен кеңсесі алдағы уақытта уәкілетті органдардың қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтетін болады. Жалпы тараптар ұйымдар мен мекемелердің әкімшілігі құқықтарды қорғау саласында өзара жұмыс істеуге ұмтылысын байқаған. Сонымен қатар, ұсынымдардың басым бөлігін орындау үрдісі де артып келеді.

Кездесу соңында А. Ластаев ҰАТ қатысушыларына адам және азамат құқықтарын қорғау ісіне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, ұлттық алдын алу тетігінің ерекше маңыздылығы мен рөлін атап өтті.