ӨКІЛ "ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ №8 ОБЛЫСТЫҚ АРНАЙЫ САНАТОРИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

ӨКІЛ "ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ №8 ОБЛЫСТЫҚ АРНАЙЫ САНАТОРИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

2024 жылғы 28 ақпанда ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Д.С. Шарипбаев балалар құқықтарының сақталуын мониторингілеу мақсатында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы “Үйлестіру кеңесінің” мүшесі, Әділдік жолы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы Л.Ш. Бактибаевамен және Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қызылорда облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушылар тобының жетекшісі Ж.Б. Ұзақбаевамен бірлесіп "Қызылорда облысы білім басқармасының" № 8 облыстық арнайы санаториялық-мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бару ұйымдастырды.

Бару барысында мектеп-интернат директоры мекемемен таныстырып, тәрбиеленушілермен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, кабинеттер мен оқу корпусын, интернат пен асхананы көрсетті.

Мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысқаннан кейін педагогтармен және оқушылармен кездесті.

Кездесу барысында Өкіл қатысушыларға төмендегіні түсіндірді:
- балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша негізгі құқықтық нормалар;
- Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген адам және азамат құқықтары туралы;
- адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы туралы;
- "ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы;
- ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Қызылорда облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері туралы.

Сондай-ақ, бару барысында балалардың құқықтарының бұзылуы фактілері анықталды, олар бойынша нақты ұсынымдар әзірленіп, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.