Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі аутизмі бар балалардың күндізгі болу орталығына барды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі аутизмі бар балалардың күндізгі болу орталығына барды

   

        Аутизммен және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған біздің қалада жаңадан ашылған орталыққа алғаш рет бардым.

        Сапар "Аутизмді жеңеміз" жобасы аясында "Ерікті қайырымдылық қоғамы" қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шарамен байланысты болды. Спикерлердің жоғары біліктілігін, тақырыпты баяндауда қолжетімділігін, сапалы көрнекі материалды атап өткім келеді.

         Бұл Орталық екі ауысымда бірден 150 баланы қабылдауға есептелген. Мекеме бір айдан астам уақыт жұмыс істегеніне қарамастан, оған 80-нен астам бала келеді.