Омбудсмен: Қылмыстандыру. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ететін факторларды алдын алуға және жоюға назар аудару

Омбудсмен: Қылмыстандыру. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ететін факторларды алдын алуға және жоюға назар аудару

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң Уәкілге Қазақстан Республикасында адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша арнайы баяндамаларды дайындау және тарату құқығын береді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жұртшылыққа «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыпта арнайы баяндама жасады. Бұл баяндама – қоғамдағы осы күрделі мәселемен қарсы іс-қимыл туралы күш-жігердің ажырамас бөлігі. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстардың ауқымы мен сипатын, құрбандарды қорғау бойынша қабылданған шаралар мен тетіктердің тиімділігін талдаудың, анықтаудың және бағалаудың маңызды құралы болып табылады. Бұл, сондай-ақ халықтың хабардарлығын арттыру және осы мәселеге тап болғандарға көмектесудегі маңызды қадам.

Баяндамада отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық ахуал, халықаралық стандарттар мен осы құбылысқа қарсы тұрудың ұлттық тетіктері берілген. Сонымен қатар құжатта бізбен жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері мен Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы ұсыныстар да қамтылған.

Айта кетейік, 2024 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңды екі оқылымда мақұлдаған болатын. Қазіргі уақытта құжат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберілді.

2023 жылғы қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізді, оның барысында мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, ҮЕҰ және дағдарыс орталықтарының өкілдерімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға ықпал ететін негізгі факторлар талқыланды.

Нәтижелері бойынша заңнамалық түзетулер пакеті жасақталып, Парламентке жолданды. Атап айтқанда, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту, барлық уәкілетті органдар мен ұйымдарда отбасылық зорлық-зомбылық туралы арыздарды қарау нәтижелерін және қабылданған процестік шешімдерді көрсететін интеграцияланған деректер базасын құру, қылмыстық қудалау нысандарын қайта қарау бойынша шаралар ұсынылды.

Арнайы есепте «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» есептің статистикалық деректеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпаратына сілтеме жасай отырып, құқық бұзушылықтар туралы статистикалық мәліметтер келтірілген. Мәселен, 2018-2023 жылдар аралығында отбасылық-тұрмыстық салада 5958 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған.

Бұл ретте, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп саны 2020 жылы – 1072, ең азы – 2023 жылы – 923 (13,8%-ға азайған) тіркелді.

Сонымен қатар 2023 жылы отбасылық-тұрмыстық салада жасалған 108 адам өлімі тіркелген. Бұл елдегі жалпы осындай қылмыстар санынан 23%-ды құрайды. Соңғы 5 жылдағы барлық адам өлімдерінің жалпы төмендеуіне қарамастан, статистика отбасылардағы адам өлімдерінің шамамен бірдей деңгейде екенін көрсетеді (1-графикті қараңыз).

Диаграмма 1. Отбасылық және тұрмыстық саладағы адам өлімі мен жалпы адам өлімі қылмыстарының арақатынасы

«Адам өлімі статистикасының жалпы төмендеуінің назар аударарлық нәтижелері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қолданыстағы құқықтық құралдардың жеткіліксіздігін көрсетеді.

Сондықтан да қоғам соңғы кездері заңнаманы қатайтып, отбасылық-тұрмыстық салада адам өліміне әкеп соғады деген болжамды әрбір эпизодқа жауап беру туралы өтініш жасай бастады», - деп өз баяндамасында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев атап өтті.

Статистикада келтірілгендей, 2015 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыс деп танылғанға дейін бұл салада жыл сайын 300-ге жуық адам өлімі фактісі тіркелген. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстандырудан кейін 3 жыл ішінде 2015-2017 жылдар аралығында мұндай қылмыстар саны 2-3 есеге азайды (2-диаграмманы қараңыз).

Диаграмма 2. Қылмыстандыруға дейінгі және одан кейінгі отбасылық және тұрмыстық саладағы адам өлімі динамикасы

Уәкіл атап өткендей, 2015 жылдың қылмыстық көрсеткіші қоғам тарапынан қатаң сынға алынды, өйткені қылмыстық-процестік заңнамасымен қарастырылып отырған әрекеттерді қылмыстық қудалау жеке жүргізілетін қылмыстар қатарына жатқызған. Яғни, жәбірленуші төбелестің кінәсі туралы дәлелдемелерді өз бетінше жинайды, арыз береді, сотта жеке айыптауды жүзеге асырады және т.б.

«Негізі, осы сыннан кейін, менің ойымша, тұрмыстық зорлық-зомбылықты Әкімшілік кодекске «қайтару» туралы шешім қабылданды.

Бірақ мұндай жағдайлардың өзінде статистика отбасылық жанжалдардың салдарынан өлім-жітімнің айтарлықтай төмендегенін анық көрсетеді», - деді Артур Ластаев.

Қылмыстандыру мен профилактикалық шараларды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау және мемлекеттік органдардың дұрыс жұмыс істеуі отбасылық және тұрмыстық саладағы қылмысты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Баяндаманың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.gov.kz/uploads/2024/4/10/10b89acfc42a3dc0e7f4dab184f1c86a_original.11657711.pdf