ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕ

ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕ

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Атырау облысындағы Адам құқықтары жөніндегі өкілі Амангелді Абдолов Атырау қаласындағы “Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы " КММ-не қарасты "Тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандарына көмек көрсету бөлімшесінің қызметімен танысты.

Мақсат - орталық ұжымына 15 сәуірде Президент Қ-Ж.Тоқаев қол қойған “Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарды кеңінен түсіндіру.

Кездесу барысында А.Абдолов бөлімшедегі отбасында дағдарысқа ұшыраған әйелдерге жасалып жатқан жағдайлармен танысып, әйелдермен әңгімелесті.

Жалпы бұл бөлімше 20 әйелге арналған.  Бүгінгі таңда мұнда тағдыр талқысына түскен 3 келіншек, олардың 9 баласымен паналауда.  Қызмет алушыларға қажетті психологиялық және заңды кеңестер көрсетілуде.

Айта кететін нәрсе, Бөлімшені 2024 жылдың бүгінгі күніне дейін ішкі істер органдарының баянаты негізінде тұрмыста зорлық-зомбылық көрген 9(тоғыз) азаматша мен олардың 25(жиырма бес) баласы, барлығы 34(отыз төрт) адам,  яғни қызмет алушы паналады.