ИСАТАЙДАҒЫ КЕЗДЕСУ

ИСАТАЙДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Адам құқығы бойынша Ұлттық орталық өкілдігінің Атыраудағы уәкілі Амангелді Абдолов Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылы және Тұщықұдық ауылы тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында су тасқынына қарсы аудан аумағында жасалып жатқан дайындық жұмыстары пысықталды.

ҰО уәкілі өз кезегінде ауыл тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатап Ұлттық орталықтың қызметіндегі негізгі басымдылықтары мен мақсаттарына тоқталып өтті.

Одан соң А.Абдолов парламент сенатор С.Лукпановпен бірге Исатай аудандық жедел штабында болыа, аудан әкімі Н.Мусин және штаб мүшелерімен кездесті. Соңында теңіз жағалауын аралап, бүгінгі күндегі су келуін жағдайын көріп қайтты.