Баян Жалмағанбетова “Нұрлы жүрек” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды

Баян Жалмағанбетова  “Нұрлы жүрек” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды

Ағымдағы жылдың ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетова 1 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына “Нұрлы жүрек” жұмыс бойынша барды.
Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру жағдайлары мен оларға көрсетілетін медициналық және білім беру сипаттағы қызметтердің сапасына тексеру жүргізілді (орталыққа барлығы 270 бала бекітілді, оның ішінде 115 - і мекемеде тұрақты тұрумен, 156-сы күндізгі уақытта стационарда).

Жалпы, сапар қорытындысы бойынша орталықта ұйымдастырылған білім беру үдерісіне оң баға берілді (мекемеде барлығы 36 педагог жұмыс істейді), олар әркімнің ақыл-ой қажеттіліктері мен дене мүмкіндіктеріне сәйкес балаларды тұрақты негізде оқытуды жүзеге асырады.

Бағдарлама халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар ғимаратта мұғалімдермен сабақтардан балаларды уақтылы психологиялық демалдыруға арналған заманауи техникалық құралдармен және ыңғайлылықтармен жабдықталған арнайы релаксация бөлмесі бар.

Орталық медбикелерінің еңбегі мен олардың жанашырлығын ерекше атап өткім келеді.
Лайықты әлеуметтік жеңілдіктермен, оның ішінде кезекті еңбек демалысына шығу кезінде санаторий-курорттық төлемдер алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету бойынша әлі күнге дейін бар проблемаларға қарамастан, медбикелер өздерінің қамқорлығындағы балаларына қажетті жылулық, қамқорлық пен көңіл бөле отырып, оларды жақсы көруді жалғастырады.

Осыған байланысты, орталық директоры Н. Зулкарнаевпен көрсетілетін қызмет мекемелерінің сапасын арттыруда, бірінші кезекте әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін арттыруда және оларды қаржылық қамтамасыз етуде одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаластыққа келісілді.