Әлеуметтік қолдау шаралары мен әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықпен кездесулер өткізу.

Әлеуметтік қолдау шаралары мен әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықпен кездесулер өткізу.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Жалмағанбетова Баян Өмірзаққызы Еңбек мобильділігі орталығында елорда тұрғындарымен кездесті.
 ​ 📌Мемлекет басшысының тапсырмасына орай азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығының бас инспекторы Гүлнара Жанбекова, Еңбек мобильділігі орталығының заңгері «Мансап» орталығының атаулы әлеуметтік көмек бойынша маманы , елорданың Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарыарқа аудандарының жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекшілері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

 📌Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналардың бірі тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу мәселесінен қиындық көріп жүргенін, белгілі мөлшерде ақша төлеп уақытша тіркеуге тұрғанымен, жекеменшік үй иелерінің оны ескертпестен тіркеуден шығарып тастайтынын, салдарынан денсаулығына байланысты квота ала алмай отырғанын алға тартты. Одан әрі кездесуге келгендер аутист балалармен автобуста жүрудің оңай еместігін, ипотекаға аз пайызбен тұрғын үй алудағы, атаулы әлеуметтік көмек алудағы қиындықтарға тоқталды.
 📌Аталған мәселелерге қатысты үкіметтік емес ұйым өкілдері де өз пікірлерін білдірді.