Әрекетке қабілетсіз азаматтардың қорғаншылық, қамқоршылық, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру күні

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың қорғаншылық, қамқоршылық, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру күні

2024 жылдың 27 наурыз күні Омбудсменнің Астана қаласы бойынша өкілі Жалмағанбетова Баян Өмірзаққызы «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Әрекетке қабілетсіз азаматтардың қорғаншылық, қамқоршылық, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру күні» іс-шарасын өткізді.

  Жиынға Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Малик Еркебұлан Мәлікұлы және де заңгер, әр саланың мамандары қатысты.
 ​Кездесу барысында мүгедектік тағайындаудағы қиындықтар, ХҚКО-ларда қамқоршылардың деректер базасының болмауы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қалааралық көлік, темір жол, авиа кассаларында билеттерді сатып алу үшін онлайн бағдарлама әзірленбегені туралы айтты. Сондай-ақ, әрекетке қабілетсіздер үшін тұрғын үй қатынастары бойынша НҚА-ға түзетулер енгізу, диагноздың күрделілігіне байланысты 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтың қамқоршысына күтім бойынша жәрдемақы тағайындау, қамқоршыға қалалық көлікте жол жүру жеңілдіктерін беру, саноторлық-курорттық емдеу, инватакси және тұрғын үй мәселелері талқыланды.
​Шара соңында қатысушыларға құқықтық кеңес берілді