Омбудсменнің Ақмола облысы бойынша өкілі қамаудағы Украина азаматын қабылдады

Омбудсменнің Ақмола облысы бойынша өкілі қамаудағы Украина азаматын қабылдады

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №65 мекемесінде қамауға алынған Украина азаматын қабылдады.
Қабылдау барысында шетел азаматы сотқа дейінгі тергеу аясында өзінің құқықтары бұзылғанына шағымданды.
Омбудсмен өкілі қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасының нормаларын түсіндірді.
Қабылданған өтініш бақылауға алынды.