Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі К. М. Малдыбаев Алматы қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты

19.03.2024 ж. Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі К. М. Малдыбаев Алматы қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Іс – шараға Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Н.С. Алмасбеков, білім басқармасының басшысы Л. А.Жылқыбаева, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н. Имангалиева, Медеу ауданы әкімінің орынбасары А. А. Нұрлыбаев қатысты. Отырыс барысында ювеналды полиция инспекторларының, әйелдер мен балаларды аудандық ОМС зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың, қорғаншылық және қамқоршылық мамандары мен әлеуметтік қызметкерлердің, қала мектептерінің, емханалардың психологтарының өзара іс-қимылы, сондай-ақ балаларды спорт секцияларына тарту туралы мәселелер талқыланды.