Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің арнайы баяндама

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің арнайы баяндама

🔷Бұл баяндама-қоғамдағы осы күрделі мәселемен қарсы іс-қимыл туралы күш-жігердің ажырамас бөлігі. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстардың ауқымы мен сипатын, құрбандарды қорғау бойынша қабылданған шаралар мен тетіктердің тиімділігін талдаудың, анықтаудың және бағалаудың маңызды құралы болып табылады. Бұл, сондай-ақ халықтың хабардарлығын  арттыру және осы мәселеге тап болғандарға көмектесудегі маңызды қадам.

🔷Баяндамада отбасылық-тұрмыстық  қатынастар саласындағы қылмыстық ахуал, халқаралық стандарттармен осы құбылысқа қарсы тұрудың ұлттық тетіктері берілген. Сонымен қатар құжатта бізбен жүргізілген әлеуметтк суалнама нәтижелері мен Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы ұсыныстарда қамтылған.

🔷Осылайша, есепте тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың стастистикасы, сондай-ақ отбасылық жанжалдардың салдарынан болған адам өлтіру фактілерінің  стастистикасы келтірілген. Мәселен, соңғы 5 жылда бұл салада 5958 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған.