Жаңа заң отбасын қорғауға бағытталған және әйелдер құқықтарын, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді

Жаңа заң отбасын қорғауға бағытталған және әйелдер құқықтарын, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді

Президентіміз Қ.К.Тоқаев  әйелдердің құқықтарын қорғауға, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге, отбасы институтын нығайтуға бағытталған заңға қол қойды.

Аталған заңға сәйкес, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу көзделген.

Осы ретте бұл өзгерістердің барлық Қазақстандықтар болып талқылап, қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңінен зерделенген соң әзірленгенін атап өту маңызды.

Өзгерістердің негізгілеріне тоқталсақ,

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп тану - мемлекеттің азаматтық қоғаммен бірлескен жеңісі болды.

Енді тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу үшін 80 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулікке дейін қамау түрінде жаза енгізіледі.

Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады.

Алайда, бұзақының жәбірленушімен бірге тұруына тыйым салу секілді ерекше талаптар қою мүмкіндігі, біздің ойымызша, ең маңызды жаңалық болып отыр.

Аталған түзетулерді қабылдау іс жүзінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлігін, Әділ Қазақстан құру жолында  Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының тиімді жұмысын көрсетеді.

Жаңа заң балаларымызды педофилдерден қорғайды. Педофилдер ендігіде өмір бойы түрмеге жабылады. Кішкентай балаларды өлтіргені үшін де дәл осылай.

Тіпті 16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 40 күнге қамауға алынатын жаңа жаза енгізіледі.

Түзетулер күшіне енген сәттен бастап балаларға жөнсіз қол тигізу, ұятсыз ұсыныстар білдіру және т.б. жазасыз қалмайды. Балалар мен олардың ата-аналары өз елінде өздерін қауіпсіз сезінеді.

Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін қылмыстың жаңа құрамы енгізілді.

Бұл шара пайда болған көптеген сайттарды, арналарды, чаттарды, суицидтік бағыттағы топтарды заң жүзінде бұғаттап қана қоймай, олардың ұйымдастырушыларын сыбайластарымен бірге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді.

Және бір атап өтетін маңызды өзгеріс - бұл Заң отбасын қорғауға бағытталған.
Атап айтқанда, «Неке және отбасы туралы» кодекстің 2-бабына дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету туралы толықтырулар енгізілді. Балаларды адамгершілік және рухани тұрғыда тәрбиелеу ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды құрметтеу рухында жүргізілуі тиіс.

Осы ретте Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген пікір – жалған ақпарат екенін де атап өткен жөн. Сондықтан аталған мәселе бойынша кез келген балама пайымдаулар негізсіз, ешқандай күмән жоқ: Қазақстан - тек дәстүрлі ұлттық отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын сақтауда қолдау көрсетеді!