Өкіл «Көп нүкте» телебағдарламасында

Өкіл «Көп нүкте»  телебағдарламасында

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі бүгін «Aqtobe» телеарнасының «Көп нүкте» бағдарламасына  спикер ретінде шақырылды.

Бағдарламада қоғамдағы бүгінгі күнгі өзекті мәселе: «Гендерлік теңдік. Әйел құқықтарының қорғалуы» тақырыбында әңгіме қозғалды.

Пікірлердің әр алуандығы және оны ашық айта алу - азаматтық қоғамның белгісі. Осы ретте түрлі саладан шақырылған қатысушылар теңдік мәселесіне өзіндік пікірлерін білдірді.

Өкіл өз тарапынан, жынысына, ұлтына, тегіне, жынысына, жасына, басқа да белгілеріне қарамастан, барлық адамның тең екендігіне тоқталып, кемсітушілікке жол берілмейтіндігін айтты.

Сонымен бірге, әйел құқықтарын қорғау және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған жаңа заңға қысқаша түсіндірме беріп өтті.

Пікірталас қызықты өтті, дәйекті әрі тұшымды ойлар айтылды.

 

#ombudsperson_kz

#ombudsperson_aktobe

#ombudsman

#адамқұқықтары

#құқықтықағарту