Мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқықтық ағарту шаралары жалғасуда

Мемлекеттік қызметшілер  арасындағы құқықтық ағарту шаралары  жалғасуда

Омбудсменнің қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылатын құқықтық ағарту, адам құқықтарын қорғауды насихаттау бойынша өңірдегі өкіл өзінің мақсатты жұмыстарын жалғастыруда.

Осы орайда ағымдағы жылдың  16 сәуірінде өкіл ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында біліктілігін көтеріп жатырған мемлекеттік қызметшілерге «Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жергілікті мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызы» тақырыбында дәріс берді.  

Өкіл сонымен бірге өңірде және жалпы Республика көлемінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтының атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, Омбудсмен қорғаған құқықтарға мысалдар келтірді, бірнеше шынайы оқиғалар мен кейстерді таныстырып өтті. Интерактивті пікірталас нысанында өткен дәрісте мемлекеттік қызметшілер тақырып бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптарын алды.

Өкіл өңір тұрғындарын құқықтық ағартуды, адам құқықтарын қорғау саласындағы тың ақпаратпен таныстыруды одан әрі жүргізе беретін болады.