Мүгедектігі бар адамдар толғандырған өзекті мәселелер талқыланды

Мүгедектігі бар адамдар толғандырған өзекті мәселелер талқыланды

20.03.2024 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықованың "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат Тұжырымдамасы" жобасына енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша Абай облысының жұртшылық пен ҮЕҰ-мен жұмыс кездесуі өтті, оған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігі де қатысты.

Кездесу барысында сындарлы диалог, пікірлер, ұсыныстар жинау, жобаға теңдік және кемсітпеу мәселелері, мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы, құқықтық қорғалуы, білімі, денсаулығы, жұмыспен қамтылуы, абилитация және оңалту мәселелері жөніндегі Тұжырымдамаға енгізу үшін шешу жолдарын талдау және мүгедек адамдардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты өзге де мәселелер өтті.

Жұртшылықтың ұсыныстары назарға алынып, Қазақстан Республикасында инклюзивті саясат Тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.