Уәкілдің өкілі "Зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон" ұйымдастырды

Уәкілдің өкілі "Зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон" ұйымдастырды

"Зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон" акциясы аясында Уәкілдің өкілі Д.Жұмагелдин Семей қаласының қарттар Үйінің зейнеткерлері үшін консультативтік кездесу ұйымдастырды.

Адам құқықтары жөніндегі Абай облысы бойынша ұлттық орталық өкілдігінің шақыруы бойынша іс-шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, нотариаттық палатаның, сот орындаушылар палатасының, адвокаттар алқасының өкілдері, Абай облысының полиция Департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкері, сондай-ақ ЗТМО және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің мамандары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты-зейнеткерлердің құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету және нақты заң көмегін көрсету.

Қарттарымен әлеуметтік қолдаудың, азаматтардың мүліктік құқықтарын сот орындаушыларының әрекеттерінен қорғаудың проблемалық мәселелері, мемлекеттен уақытша шығу тәртібі талқыланды және қоғамдық көліктің қанағаттанарлықсыз жұмысы атап өтілді.

Барлық айтылған мәселелер мамандардың бақылауына алынды.