Уәкілдің өкілі мобильді бригадамен Аягөз ауданына барды

Уәкілдің өкілі мобильді бригадамен Аягөз ауданына барды

Азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік қызметтер көрсету, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігі, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі туралы хабардар ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Д. Жұмагелдин Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы мен полиция Департаменті өкілдерінен мобильді бригада құрып, Аягөз ауданына барды.

Іс-шарасы барысында Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету Орталығы базасында медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы және күндізгі стационарда болу шарттары мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, "Аягөз мүгедек бірлістігі " ҚҚ басшысы Р.О. Керимовамен жұмыс кездесуі өткізіліп, оның барысында мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдаудың проблемалық мәселелері талқыланды.