Полицейлер Петропавлдағы гуманитарлық көмек тарату пунктінде ұсақ бұзақылық жасаған қала тұрғынын жауапкершілікке тартты

Полицейлер Петропавлдағы гуманитарлық көмек тарату пунктінде ұсақ бұзақылық жасаған қала тұрғынын жауапкершілікке тартты

Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек тарату пункттерінің бірінде Петропавл қаласы тұрғындарының арасында жанжал орын алды. Сол жерде жүрген 37 жастағы ер адам болып жатқанның барлығын ұялы телефонға видеоға түсіріп жатқан. Ал 30 жастағы басқа петропавлдық бейнетүсірілімді тоқтатуды өтінген. Түсірілім жүргізіп тұрған ер адам бас тартып, соққы жасаған. Осылайша ұсақ бұзақылыққа жол берген.

Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналды. Құқық бұзушы жасаған бұзушылығымен келісті. 16 сәуір күні сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.