СҚО полицейлері жолда қалып қойған отбасына көмектесті

СҚО полицейлері жолда қалып қойған отбасына көмектесті

Петропавл тұрғыны СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Наурыз мейрамы қарсаңында, 21 наурызға қараған түні оның "Camry" автокөлігі Кременчуг ауылына жақын "Астана — Петропавл" автожолында түнгі сағат 2-лер шамасында бұзылып қалды. 53 жастағы ер адам бірнеше көліктің тоқтамай, өтіп кеткендігін айтты. Полиция капитаны Евгений Вишневский мен Алтынбек Омаровтың құрамындағы ППБ экипажы қасында тоқтаған кезде жүргізуші мен оның жұбайы көмекке деген үмітін үзген еді.

"Полиция қызметкерлері менің көлігімді Келлеровкаға сүйреп апарды, бізді жол бойындағы кафеге орналастырды, қосалқы бөлшектерді жеткізіп, жөндеуге мамандар табуға көмектесті", — деді жүргізуші. — Оларға көрсеткен көмегі үшін зор алғысымды білдіргім келеді және олардың қажырлы еңбегіне, күш-жігеріне, шыдамдылығына, денсаулығына, отбасылық амандығын тілеймін!»

СҚО ПД ППБ командирі полиция майоры Валихан Оразалинның айтуынша, мерекелік демалыс күндері облыс жолдарындағы жағдай тұрақты болды, зардап шеккендермен жол апатына жол берілген жоқ. Тәртіп сақшылары жүргізушілерден күндізгі және түнгі температураның төмендеуінен туындаған мұздың пайда болуына байланысты жоғары қырағылық танытуды және ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.