Полиция қызметкерлері 9 ақмолалықты алдаған алаяқты ұстады

Полиция қызметкерлері  9 ақмолалықты алдаған алаяқты ұстады

Ақмола облысында Көкшетау қаласының тұрғындарының ақшасы мен түрлі гаджеттерін алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы иемденген қаскүнем ұсталды. Жәбірленушілермен алаяқ қала көшелерінде танысып, аяушылық пен жанашырлық танытып, осылайша ақша тапты.
Мысалы, зардап шеккендердің бірі ағымдағы жылдың 10 сәуірінде полицияға хабарласып, белгісіз жас жігіттің қызына тиесілі "iPhone 14 Pro" маркалы смартфонды алдау арқылы иемденгенін, ал екінші өтініш беруші белгісіз адам ұлының "PS4"-ін алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.
Жалпы 22 жастағы Алматы тұрғыны 9 ақмолалықтан ақшалай қаражат пен түрлі гаджеттерді алып алды. Қазіргі уақытта залал сомасы белгіленуде. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.