Абай облысы Полиция департаментінде «Атамекен»ҰКП-мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Абай облысы Полиция департаментінде «Атамекен»ҰКП-мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті


Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Абай облысы Полиция департаментінде «Атамекен»ҰКП-мен бейнеконференция форматында ішкі істер органдарының кәсіпкерлік қоғамдастықпен бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі өзара іс-қимылы туралы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес ішкі істер министрлігі сервиске бағдарланған полиция қызметін құру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде, кез келген құқық бұзушылыққа «Заң мен тәртіп» және «Нөлдік төзімділік» қағидаттарын енгізуде.

Кеңесте кәсіпкерлік қоғамдастықтың ІІМ-мен шаруашылық дауларды қылмыстық қудалау арқылы шешуді болдырмау жөніндегі өзара іс-қимылы «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталатыны атап өтілді.