Қазақстан ТүркПА отырысында өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы модельдік заңды ұсынды

Қазақстан ТүркПА отырысында өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы модельдік заңды ұсынды

Бүгін ТүркПА Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 11-отырысында Қазақстан «Нарыққа шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының негіздері» модельдік заңының жобасын таныстырды. Баяндаманы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев оқыды.

Заң жобасы түркі елдерінің ортақ нарығына тауарларды еркін экспорттауға жол ашуды мақсат етеді. Ол сондай-ақ қауіпсіз және сапалы өнімдермен жұмыс істеу жүйесін құрудың термині мен тәсілдерін біріздендіруге бағытталған.

«Заңды әзірлеу құрамына ТүркПА мүше елдердің парламенттері мен мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстандық стандарттау және метрология институты кірген сараптамалық топпен бірлесіп жүргізілді. Бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге деген ұмтылысымызды көрсетеді», - деді Қуаныш Елікбаев.

Қатысушы елдер өздерінің қолдауын және осы бастамамен бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ саммитінде түркі мемлекеттерінің синхронды дамуын қамтамасыз етуге шақырғандығын естеріңізге сала кетеміз.