Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиев 70 жасқа толды

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиев 70 жасқа толды

Бүгін Астана қаласының мәслихатында «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиевтің 70 жылдық мерейтойына арналған салатанатты жиын өтті.

Қоғамдық бірлестік төрағасы, академик, медицина ғылымдарының кандидаты, бірнеше мемлекеттік наградалардың иесі Еркін Томпиевтің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиналысқа ҚР Сауда және интеграция минстрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының төрағасы Ерлан Каналимов, маслихат депутаттары мен Астана қаласының Ардагерлер кеңесі және басқа да қоғамдық бірлестік өкілдері мен ұжымдас әріптестері шақырылды.

Мерейтой иесіне жиналғандар жылы лебіздерін білдірді.

«Игілікті істердің ұйытқысы болып жүрген, қызмет жолын өмірлік ұстанымына айналдырған Еркін Қалиұлының өмірлік жолы көпке үлгі, оның жастарға айтары да жоқ емес. Әлі күнге дейін қала өміріне белсене араласып,  тәжірибесімен бөлісіп жүр», - деді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов. Ол мерейтой иесін осы атаулы күнмен құттықтап, елордалық халық қалаулылары атынан алғысын білдірді.

Астана қаласының әкімінің орынбасары Евгений Глотов уақытпен санаспай денсаулық күзетінде жүріп, дертіне шипа іздеп келген науқастарды ауруынан айықтырып, халықтың алғысын арқалап келе жатқан мәртебелі мамандық иесі екенін атап өтіп, қала әкімі атынан Алғыс хатпен марапаттады.

Сауда саласында халықты алдау не алаяқтық сынды әлі де шешілмеген мәселелер бар. Оған қатысты тұтынушылардан келген мыңдаған өтініштер мен шағымдарды Астана қаласы «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиев ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, қоғамның құқықтық сауатының артуына ауқымды үлес қосты. Жетістіктері мен адалдығы үшін лайықты мемлекеттік наградалармен марапатталған.  Оның беделі мыңдаған тұтынушылардың құрметіне және сеніміне ие болды. Бірлестік бастауымен отыз жылда 100 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетіліп, жалпы сомасы 1 млрд теңге көлеміндегі қаржы астаналық тұтынушыларға қайтарылды.

«Бай тәжірибемен сіз азаматтардың әрбір өтінішіне назар аудара отырып, қоғамға зор көмек көрсетіп келесіз. Жалпы 48 жылдық еңбек жолында  сіз тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына 30 жыл арнадыныз.Қызмет барысында Денсаулық сақтау министрлігіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жобаларды енгізіп, ұсыныстар енгіздіңіз, ол үшін жоғары кәсібилігі үшін орденмен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталдыңыз. Сондай-ақ, қазір ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесісіз.Сіздің әділеттілік пен тұтынушыларға деген қамқорлыққа толы жұмысыңыз бәрімізді үлкен жетістіктерге жетуге шабыттандырады. Бүгін біз сіздің іс-әрекеттеріңізді жүзеге асырған кәсібилігіңіз бен жанқиярлығыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің көшбасшылығыңыз көпшілікке үлгі, адамдарға деген шынайы мейірімділік пен қамқорлық сіз көмектескен мыңдаған тұтынушылардың жүрегінде қалды», - деді ҚР СИМ  Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков.

Құттықтау сөз барысында ол ҚР СИМ Министрі Арман Шакқалиевтің Тұтынушылардың құқықтарын ұзақ жылдар бойы сауатты қорғап жүрген қоғамдық бірлестік төрағасына алғысын жеткізіп, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 02.04.2024 жылғы №162-НҚ бұйрығына сәйкес Томпиев Еркін Қалиұлы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы мен сауда саласындағы көрсеткен кәсібилігі үшін «Еңбек сіңірген сауда қызметкері» төс белгісімен марапаттады.