Жаңа қалалар құрылысы – Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының дамуы

Жаңа қалалар құрылысы – Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының дамуы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қытайдың «China State Construction Engineering Corporation» құрылыс компаниясының халықаралық департаментінің бас директоры Гао Бомен кездесу өткізді.

         «China State Construction Engineering Corporation Ltd.» – әлемдегі ең ірі құрылыс және инвестициялық компаниялардың бірі. Өткен жылы жаңа келісім-шарттардың жалпы құны 603 млрд АҚШ долларын, ал табысы 315 млрд АҚШ долларын құрады.

CSCEC тұрғын үй, инфрақұрылым және жылжымайтын мүлік құрылысымен айналысады. Компанияның қызмет көрсету саласына толық циклді өндіріс, яғни жоспарлау, жобалау, инвестициялау, құрылыс және пайдалану кіреді.

         Кездесу барысында Қанат Шарлапаев CSCEC компаниясы жүзеге асырып жатқан ірі жобалармен таныстырылды.

Әрмен қарай Министр құрылысы жүріп жатқан жаңа Алатау қаласында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсынысты жария етті.

Қазақстандық тарап Қазақстан Үкіметінің CSCEC компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Сондай-ақ салынып жатқан «G4 City» АЭА тақырыбы да қозғалды, ол – бизнес және қаржы, білім беру және медициналық, өндірістік және логистика және туризм сияқты төрт ауданнан тұратын интеграцияланған қала. Өз кезегінде, CSCEC қатысуға ерекше қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, компанияның үлкен аумақтар мен ірі жобаларды жобалаудағы мол тәжірибесінің арқасында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанның ауылдық елді мекендерін жобалау саласында ынтымақтастықты ұсынды.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі