Мұнай өндірудегі инновациялар

Мұнай өндірудегі инновациялар

Қазіргі уақытта мұнайдың тек 30-40% өндіріледі, қалғаны жер қойнауында жоғалады, сондықтан толық алу мәселесі тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдері үшін де өзекті.

Алматыда "Ғылым мен технологиялардың интеграциясы: орнықты даму жолы" халықаралық конференциясы өтті. ҚР ӨҚМ «Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК филиалы «Д.А. Қонаев атындағы тау-кен істері институты» директоры, ҚР ҰҒА академигі Н. С. Буктуков пен Әзірбайжан ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы профессор Галиба Мамедоглы Эфендиев арасында екіжақты диалог өтті. Негізгі тақырып тұтқырлығы жоғары қалдық мұнайды өндірудің өзекті мәселелері болды.  

Кездесу барысында ҚР ҰҒА академигі Н. С. Буктуков сейсмикалық және соққы толқындары есебінен кеуектерде бітелген мұнайды ашу, жарылуды арттыру, тұтқырлықты төмендету үшін температураны арттыру және өндіруші ұңғымаларды сақтай отырып, жарылғыш газдардың қысымы есебінен мұнайды ығыстыру үшін бұрғылау-жару жұмыстарын пайдалана отырып, тау-кен өндіру тәжірибесін қолдануды көздейтін қалдық мұнай өндіру технологиясын ұсынды.

Әзірбайжан ҰҒА академигі Г. М. Эфендиев ұсынысты қолдап, мұнай өндіру технологиялары бойынша барлық әдістерден кейін қалған қалдық мұнайды өндірудің өте қызықты мүмкіндік екенін атап өтті, бұл тау-кен өндіру тәжірибесі жер қойнауындағы мұнайдың шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы, қазақстандық тарап ұсынған идея бойынша бірлескен ізденістер жүргізу туралы уағдаластық болды.

Достық белгісі ретінде талқылаудан кейін қонақ ҚР ҰҒА академигі Н.С. Буктуковқа Кавказ бас киімі сыйлады.