Иран Шархан ӨСАБ халықаралық хатшылығының өкілдерімен кездесті

Иран Шархан ӨСАБ халықаралық хатшылығының өкілдерімен кездесті

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан ӨСАБ халықаралық хатшылығының валидация тобымен кездесті.

Кездесу барысында жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қызметінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге бағытталған негізгі шаралар талқыланды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде басталған валидация процесі өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын жүзеге асырудағы маңызды кезең болып табылады. Қазақстанның 2020 жылы өткізілген алдыңғы валидациясы осы саладағы айтарлықтай ілгерілеушілікті растады.

 

Вице-министр Иран Шархан ӨСАБ халықаралық хатшылығымен одан әрі ынтымақтастық пен белсенді өзара іс-қимылға дайын екенін білдірді. Валидацияны сәтті аяқтау және өндіруші салалардағы ашықтықтың жоғары стандарттарын сақтау үшін қажетті жоспарлар мен іс-шаралар талқыланды.

Айта кетерлігі, валидация – бұл ӨСАБ енгізуге сәйкестікті бағалау, оның нәтижелері бойынша ел белгілі бір дәрежеде талаптарға сай деп танылуы мүмкін, ал Стандарт талаптары орындалмаған жағдайда, елдің мәртебесі тоқтатылады.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі