Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне ҚР Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының атынан қол сағаттары табысталды

Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне ҚР Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының атынан қол сағаттары табысталды

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті тұрғындарға су тасқынына қарсы іс-шараларда көмек көрсетіп жатқан  сарбаздардың еңбегін ерекше атап өтті.

Мерзімді әскери қызметшілерге сыйлықты ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов табыс етті. 

"Астана" өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімі артиллериялық дивизионы жауынгерлік машинасының оқтаушы жүргізушісі қатардағы жауынгер Илья Кузьмин қатардағы жауынгерден бастап генералға дейінгі қазақстандық әскери қызметшілер осы қиын күндерде жұдырықтай жұмылып, зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмектесіп жатқанын және бұл еліміздің әрбір азаматының борышы екенін атап өтті.

Марапатталғандардың арасында 31775 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері Сұлтан Асылжан, Николай Гончаров және Бақытжан Қонақбаев бар.