АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ А.БЕРДАЛИН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ А.БЕРДАЛИН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және оның салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жұмысы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қостанай облысына іс-сапармен барып, бірнеше нысанды аралады.

Жалпы бұл өңірде су басқан аймақтардан 23 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аумаққа эвакуацияланған. Вице-министр Алтынсарин ауданындағы жеке қосалқы шаруашылықтардың малдары эвакуацияланған пунктте болып, аппаттан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Аманғали Бердалин шығын болған малдарға өтемақы алу жолдарын түсіндіріп, Үкімет тарапынан арнайы алгоритм әзірленгендігін жеткізді.

Мұнан соң вице-министр «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ-мен жергілікті атқарушы органдардың өткізіп жатқан өлекселерді жою барысымен танысып, эпизоотияға қарсы отрядттың материалдық-техникалық жабдықтармен қамтылуын тексерді.

Сонымен қатар «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК филиалының жоғары дәлдіктегі зертханалық жабдықтармен жүргізіліп жатқан сынамаларды зерттеу барысын тексеріп, аймақтағы эпизоотиялық жағдайын қатаң қадағалауды ескертті.

Сапар соңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлапаев басшылық ететін топ құрамымен өткен жиында, су тасқыны залалдарын жою бағытындағы жұмыстарды жетілдіру тәсілдері талқыланды.