Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық субсидия қағидаларына енгізілетін өзгерістер туралы

Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық субсидия қағидаларына енгізілетін өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілерін инвестициялау шығынарының бір бөлігін өтеудегі Субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Айта кетейік, бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіп кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының басымдықтарына сәйкес әзірленді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық субсидияларды төлеу ережелерін тікелей қаржы институттарына түсетіндей етіп өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің техникасы мен жабдықтарға қолжетімділігін жеңілдету мақсатында жасалды. Бұл шара фермерлердің несие немесе лизинг бойынша берешегін азайту арқылы қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қолдау саласындағы саясаттың мемлекеттің индустриялық саясатымен өзара байланысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру аясында «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналарын және жабдықтарын сатып алу» №1 жоба паспорты шеңберінде қайта қаралды.

Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар құру жобасына биоэтанол өндірісі қосылды. Сонымен қатар, бұйрықта глютенсіз өндірісті құруға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу қарастырылған

Өз шикізатын пайдалану есебінен отандық глютенсіз өнімдер өндірісін жолға қою Қазақстанда целиакия дертінен зардап шегетіндер үшін глютенсіз өнімдерге тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға және осы өнім импортының үлесін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Барлық өзгертулермен және толықтырулармен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/632315?lang=ru