Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 28 наурызда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде - өңірдегі АӨК-ті дамыту және көктемгі егіс жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау. Бұдан басқа, жұмыс сапары аясында облыстың бірнеше фермерлік шаруашылығына бару жоспарланған.

Жиналыс сағат 15.00-де «Абай Дәулет» ауыл шаруашылығы кооперативі алаңында (Қызылорда қаласы, Бейбітшілік көшесі, 80) өтеді. БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат тел. бойынша: + 7776 632 22 88 – Ерқанат Сәрсенбай

Сондай-ақ, өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды temir.b.zh@minagri.gov.kz. поштасына жіберуді сұраймыз.